KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
516.77 542.87 5.33

Өскеменде жаңа респираторлық медицина орталығы ашылады

26.11.2020, 17:21 144

Өскеменде жаңа респираторлық медицина орталығы ашылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жаңа нысан бұрынғы жедел медициналық көмек ауруханасының (БСМП) базасында ашылады. Бұл ғимарат негізінде 1956 жылы салынған. Соңғы жылдары әбден тозығы жетіп, тіпті қаңырап бос қалған еді. Енді міне айналасы үш айдың ішінде заманауи стационарға айналды. Нысанда 150 төсек-орын бар. Оның он бесі жансақтау бөліміне тиесілі.

– Бұл толық циклді орталық болмақ. Қабылдаудан бастап емшара жасауға дейінгі аралықтағы барлық медициналық тексеру жұмыстары жүргізіледі. Мысал үшін айтайын, пациенттер анализ тапсыру үшін бір мекемеге, оның нәтижесін алу үшін екінші бір мекемеге барып, сандалып жүрмейді, – дейді мұндағы бас дәрігер. 

Жаңа орталыққа қажетті медициналық жабыдықтар толық жеткізілді. Жөндеу жұмыстары да аяқталуға жақын. Нысан 1 желтоқсанда ашылады деп жоспарлануда.

WhatsApp Image 2020-12-14 at 11.53.36.jpeg

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу