KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
529.7 545.96 5.17

Катонқарағайдағы Берел ауылында 15 қонақ үй ашылады

29.04.2021, 11:32 275

Сақ дәуірінің ескерткіштері сақталған Берел ауылында қонақүйлер ашылады. Онда бүкіл Қазақстан халқы демала алады.

- Қазір демалушыларды сауықтыру мен таным көкжиегін кеңейтуге бірдей мүмкіндік беретін экологиялық туризм көп қызықтырады. Ал мұндай мүмкіндік - ауылдарда. Сондықтан Катонқарағай ауданы Берел ауылында 15 қонақүйдің жобасы әзірленді. Оның 10-ын ауыл тұрғындары ашады. Ал бесеуін келесі жылы мемлекет тарапынан салу көзделген. Жоба аясында ауыл тұрғындары туризмді ұйымдастыру саласындағы мамандардан үйреніп, "Бастау бизнес" жобасы бойынша білім алады. Осы аптаның соңына дейін ауыл тұрғындары оқуды бастайды, – деп атап өтті Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақов.

Марат Қабақовтың айтуынша, тұрғындар сертификат алған соң "Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасы шеңберінде қайтарымсыз гранттар беретін конкурсқа қатысуға құқылы. Бұл қаражатты қосымша жабдық сатып алуға, түрлі жобаларды іске асыруға жұмсай алады. Мысалы, ат спорты маршрутын немесе қолөнер сабақтарын ұйымдастыруға болады.

Мұндай шаруа, басқарма басшысының айтуынша, Риддер қаласына қарасты Поперечное ауылында алты жылдан бері істеліп жатыр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу