KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 3 м/с, З
443.72 482.28 4.9

Өскемендегі кітапханалардың бірінде ерекше фото-көрме ашылды

Фото: yandex.kz

6.01.2024, 15:17 548 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында Оралхан Бөкей атындағы орталық кітапханада «Өзгерген Өскемен» атты AR фото-көрме ашылды.

Көрмеден арнайы қосымша арқылы қаланың ертедегі көріністерін де тамашалауға болады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша, осындай қызықты заманауи технологиялар арқылы жастарды кітапханаға және кітап оқуға тартуды көздейді. Сол себепті де мәдени-рухани шараларды заманауи технологияны қолдана отырып өткізетін көрінеді.

- Көрмеміздегі көне қаланың өңделіп, үлкейтілген фото-көріністеріне «MAGICAL PICTURE» мобильді қосымшасын жақындатсаңыз,  «жанданып» шыға келеді. Осылайша, ежелгі ғимараттардың  бүгінгі таңдағы заманауи  көрінісін  де бір мезетте көре аласыз!  Бұларды  QR-код арқылы жүктеуге де болады. Шаһарымыздың әр көшесіне һәм ғимаратына  байланысты әдеби әлеммен танысу мүмкіндігін де ұсындық, - дейді кітапхана қызметкерлері.

Сандық технология жаңашылдықтарын пайдалану арқылы жасаған байырғы және бүгінгі Өскеменді кез келген қала тұрғыны тамашалай алады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив