KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Глубокое ауданында тағы бір мәдениет үйі жөнделді

19.11.2020, 11:12 486

Биыл Глубокое ауданының мәдениет нысандарын жөндеуге «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 80 миллион теңге бөлінген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Осы қаражат есебінен жөндеу көрген нысандардың бірі – Прапорщиково ауылының Мәдениет үйі. Бұл ғимарат 1959 жылы салынған. Содан бері мұнда күрделі жөндеу жүргізілмеген. Сондықтан болар нысанның төбесінен су ағып, қабырғалары қопсып түсе бастаған.

– Ғимараттың 250 шаршы метрге жуық шатыры ауыстырылып, би залы мен фойе жөнделді. Ескі ағаш есіктердің орнына жаңасы салынды, – дейді мәдениет үйінің директоры Құмархан Ахметқалиев.

4421accc-5c13-40d8-b391-0b96becfb929.jpg


Оның айтуынша, кеңес заманынан бері қабырғалары сылақпен сыланып келген холл жөндеуден кейін әрі жарық, әрі жайлы бола түскен. Биыл ғимаратты қалпына келтіруге 4,5 миллион теңге бөлінді. 


4eadfc58-3e92-4d19-8f47-8a2ee55c65d7.jpg

Бірақ мәдениет үйінде шешілмеген мәселе әлі де бар. Соның бірі – көрермен залы. Құмархан Ахметқалиев келесі жылы да мәдениет саласының мәселесі назардан тыс қалмайды деп сенеді.

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу