KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
441.58 480 4.86

Риддерде тауда жараланып қалған тұрғын құтқарылды

8.10.2019, 06:11 121

Риддер қаласының құтқарушылары тауда жараланған тұрғынды құтқарды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, оқиға 6 қазан күні болған. Сағат 15:40 шамасында әйел адам қоңырау шалып, ұлы мен оның досы тауға кеткені туралы хабарлаған. Айтуынша, жас жігіттің бірі аяғынан жарақат алғандықтан кері қайта алмай, тауда қалып қойыпты.

Қалалық мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері эвакуацияға жіберіледі.

ТЖБ аға офицері Сергей Родиннің сөзінше, асөспірімдерді іздеп табу қиынға соққан. Себебі ол жерде жолдар мен соқпақтар жоқ. Оның үстіне іздеу жұмыстары кеш батып кеткен кезде жүргізілген. Дегенмен сағат 20.06-де екі жасөспірім Иванов тау жотасынан табылған екен.

Жарақаттанған бозбала алғашқы көмектен бас тартқан. Құтқарушылар оны зембілмен 6 сағат бойы таудан түсіріп, қалалық ауруханаға жеткізіпті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив