KZ
Өскемен
-14°
переменная облачность жел 2 м/с, В
529.7 545.96 5.17

ШҚО тұрғыны «котлованға» батып көз жұмды

23.07.2020, 06:30 197

Шығыс Қазақстан облысының 40 жастағы тұрғыны «котлованға» батып көз жұмды, деп хабарлайы Алтайньюс тілшісі.

Қайғылы оқиға 22 шілде күні болған. 1980 жылғы азамат Риддер қаласының Лесхоз ауданындағы жасанды котлованда шомылмақ болып, батып кеткен. Құтқарушылар мен арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оның денесін екі сағат бойы іздеді.  

Бірінші оқиға орынына арнайы мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері барған. Бірақ олар батып кеткен азаматтың денесін таба алмай, облыстық ТЖД-ның жедел-құтқару жасағынан көмек сұрады. Сүңгуірлер екі сағат бойы котлованды сүзумен болды. Судың лайлығы және шұңқырдың тереңдігі іздеу жұмыстарын айтарлықтай қиындатты. Мамандар мәйітті жағадан 15 метр қашықтан, 4-5 метр тереңнен тауып, полицияға тапсырды, – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу