KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да қария мұздың астына түсіп кетті (фото, видео)

31.03.2019, 09:01 120

82 жастағы Семей тұрғыны Ертістің тармағында  балық аулап жүріп, мұздың астына түсіп кетті. Абырой болғанда, қариня Ұлттық Ұлан лейтенанты дер кезінде байқап, құтқарып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

Оқиға кеше түстен кейінгіуақытта болған. Қарияның көмекке шақырып, айғайлаған дауысын сол маңда жүрген № 5511 әскери бөлімнің лейтенанты, рота командирінің орынбасары Айбек Исаев  естіп қалып, көмекке ұмтылған.

Дауысқа жүгіріп жеткен лейтенант ер адамның мұздағы жылымға түсіп кеткенін көреді. Олсырт киімін шешеді де, жағада жатқанбір тақтайшаны алып, адамға абайлап жақындайды. Қарияға тақтайшаның бір ұшынан ұстатып, жағаға қарай сүйреп шығарған екен.  Одан кейін құтқарушыларды шақырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив