KZ
Өскемен
-28°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
509.75 594.67 6.46

Балабақшалардың бірінде тәрбиеленуші баспалдақтан құлап кетті – Өскемен

27.02.2023, 16:05 583 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығындағы мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелердің бірінде балабақша тәрбиеленушісі баспалдақтан құлап, жарақат алған.

Оқиға баланы ата-анасына тапсырғаннан кейін болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Әлеуметтік желіде баланың аяғында бахила болған деген ақпарат тарап жатыр. Ол – жалған ақпарат. Жағдай баланы ата-анасына тапсырғаннан кейін орын алған, - дейді Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова..

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, бала бірден ауруханаға жеткізілген.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу