Бүлдіршін балабақша баспалдағынан құлап кетті – Өскемен
сурет ашық дереккөзден алынды
Балабақша тәрбиеленушісі баспалдақтан құлап жарақат алды.
Оқиға мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелердің бірінде болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Бұл баланы ата-анасына тапсырғаннан кейін болған жағдай. Бала бірден медициналық мекемеге жеткізілді. Иә, жарақаты ауыр болды, дегенмен қазір жағдайы жақсы. Әлеуметтік желілерде балақай бахил киіп жүргендіктен құлады деген ақпарат тарады. Алайда бұл шындыққа жанаспайды, – дейді қаланың білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова.
Облыстық полиция департаменті бұл жағдай бойынша ешқадай арыз-шағым түспегенін хабарлады.
Оқи отырыңыз