KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность Штиль
523.86 544.34 5.11

Құтқарушылар балықшыларға көмекке келді – ШҚО

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

28.06.2023, 16:31 193 Ләззат Қанатқызы

27 маусым күні құтқарушыларға Бұқтырма су қоймасында Славянка ауылы маңында резеңке қайықпен балық аулауға шыққаны және жел соғып, олардың жағадан алыстап кеткені туралы ақпарат келіп түсті.
Құтқарушылар шұғыл түрде моторлы қайықпен балықшыларды іздеуге шыққан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Балықшылар бастапқы орыннан  4 шақырым арақашықтықтан аман-есен табылды.

ШҚО ТЖД мамандары  резеңке қайықпен жағадан алыс жерде кетуге болмайтынын тіпті орташа толқын пайда болған кезде балық аулауды тоқтатып, жағаға оралу керектігін еске салады.

- Егер қайықпен балық аулайтын болсаңыз жүзе білуіңіз керек. Тоғанға шықпас бұрын қайықтың жағдайын мұқият тексеріп алыңыз. Ең бастысы, құтқару кеудешелерінсіз, қараңғы батқанда және дауыл туралы ескерту жариялаған кезде қайықпен су бетіне шықпаңыз, - дейді құтқарушылар.

Төтенше жағдай туындаған кезде "101" және "112"қоңырау шалыңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу