KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
521.67 592.46 6.32

Алакөлде дауыл тұрып, қайықтағы адамдар көлдің ортасында қалып қойды

5.08.2019, 04:13 294

Алакөлде дауыл тұрып, қайықпен серуендеп жүрген он шақта адам көлдің ортасында қалып қойды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Моторлы қайықпен серуенге шыққандардың ішінде балалар да болған екен. Аяқ-асты дауыл тұрып, жағаға жете алмай қалған демалушылар.

Құтқарушыларға сағат 21.00 кезінде қоңырау келіп түскен.

– Адамдар таңғы сағат 5-ке таман жағалаудан 18 шақырым жерде орналасқан Аралтөбе аралынан табылды. Барлығы аман-есен. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж емес, – деді ШҚО ТЖД жедел құтқару жасағының басшысы Нұржан Бажақов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу