Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 45 мыңға жуық жағдай тіркелді – ШҚО
ШҚО ТЖД мамандары өрт оқиғалары мен жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін 190 000-нан астам ауланы аралап шығып, нәтижесінде үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 44 689 жағдай тіркелді.
Қазір облыс аумағында әлеуметтік осал азаматтар тұратын 3 174 үй тіркелген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жауапты мамандар аталмыш мекенжайларды аралап, талапқа сай келмейтін 2357 жағдай анықталды.
ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарға төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
- Пешті жанғыш сұйықтықтармен жақпаңыз. Оларды пайдалану жарылыс болып, өрттің туындауына әкеп соғуы мүмкін;
- Пештерде отын, кір және басқа да жанғыш материалдарды кептіруге болмайды;
- Ашық есіктері бар пештерді жағуға, оларды қараусыз қалдыруға, сондай-ақ балаларға жанып жатқан пештерді қадағалауды тапсыруға болмайды.