KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Суға батып бара жатқан әйелді құтқарды – ШҚО

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

24.07.2024, 17:06 137 Ләззат Қанатқызы

Ертіс өзенінде суға батып бара жатқан әйелді құтқарды.

ШҚО ТЖД мамандары тұрғындарды сақ болуға, суда жүзу ережелерін сақтауға шақырады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

- Ертіс өзенінің стационарлық құтқару станциясында патрульдеу жүргізу барысында жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Ерлан Бектұрысов пен Әділет Төреханов жағадан 5 метр қашықтықта көмекке шақырған әйел адамның дауысын естіген. Жедел әрекет етудің нәтижесінде 1994 жылғы әйел адам құтқарылды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Қазір құтқарылған әйел адамның жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу