KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

ШҚО-да 12 жастағы баланың басына футбол қақпасы құлап кетті

Фото: dc-sport.ru

1.08.2024, 19:37 99 ALTAINEWS

Оқыс оқиға 26 шілде күні Ұлан ауданына қарасты Сібе көліндегі демалыс базаларының бірінде болған.

Бала футбол қақпасына асылып ойнап тұрғанда қақпа құлап кеткен, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Басынан жарақат алған бала дереу арада медициналық мекемеге жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілді.

Аталған оқиға бойынша жеткіншектің ата-анасы полицияға арыз түсіргенімен, қылмыстық немесе әкімшілік іс қозғалмаған көрінеді.

— Бұл — азаматтық құқықтық жауапкершілік. Сондықтан сотқа арызданған жөн, — деді Ұлан аудандық полиция бөлімінің бастығы Қуаныш Қонжанов.

ШҚО ПД басапасөз қызметі де бұл іс бойынша дәл осылай жауап берді. 

- Қандайда бір ауыр жарақат алған немесе қайғылы оқиға болған жағдайда іс бойынша қылмыстық іс қозғай аламыз. Ал, дәл осындай жағдайда ата-аналар барлық дәлел мен дәйектерді жинап, сотқа арыздануы керек. Қылмыстық іс қозғалған күнде де моральдық және материалдық зиянды өтеу туралы мәселе сотта шешіледі. Ал, қауіпсіздік мәселесіне демалыс базасының иесі жауап беруі керек, - дейді олар.


 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив