KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
485.11 523.82 5.02

Алтай ауданында өртпен күрес жүріп жатыр

5.09.2022, 09:41 206

"Зырян орман шаруашылығы" КММ мен Быков орманшылығы аумағында шөп пен бұта өртенді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өрт сөндіру қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың жұмысы дереу ұйымдастырылып, қазір тілсіз жаумен күрес жүріп жатыр.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өрттің алдын ала аумағы-167 гектарды құрайды. Тексеру мақсатында Қазавиаорманқорғау АН-2 ұшағы да жұмылдырылған.

Айта кету керек, қызыл жалыннан ешқандай елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ.

Өрт сөндіру жұмыстарына барлығы ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы және Қазавиаорманқорғаудан 344 адам және 25 техника, сондай-ақ суағар құрылғысы бар ШҚО АП МИ-8 тікұшағы іске қосылды, - деп түсіндірді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Жағдай тұрақты бақылауға алынған. ШҚО ТЖД-да және өрт орнында жедел штабтар жұмыс істеп жатыр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив