KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?

Фото: Шартты сурет

13.04.2023, 19:36 299

ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Медет Мұқашевтың айтуы бойынша, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Облыста жыл сайын табиғи өрттің шамамен 70%-ы адам кінәсінен болады екен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 336-бабы бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл, 410-бабы бойынша ескерту жасау немесе 5 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.

  – ҚР Қылмыстық кодексінің 204-бабының 2-бөлігі бойынша отты немесе аса қауіпті өзге де көзді абайсызда пайдалану жолымен жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан немесе аса ірі залал келтірген бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру дерегі үшін 2000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу қарастырылған, – дейді Медет Мұқашев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу