KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да кене шаққандардың саны 1700-ге таяды

Фото: massaget.kz

12.06.2023, 18:49 2 063 Ләззат Қанатқызы

Маусым айындағы мәлімет бойынша, ШҚО-да кене шаққан 1700-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінген.

Шығыс Қазақстан аумағы кене энцефалитінің табиғи ошағы болып саналады. Жыл сайын өңірде қауіпті аурудың 20-ға жуық жағдайы тіркеледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, республика бойынша кене шағып, зардап шеккендердің ең көп саны ШҚО-да тіркелген. Яғни елдегі жалпы санның 35%-ын құрап отыр.

- Кене энцефалитінің алғашқы жағдайлары мамыр айында тіркеледі. Биыл зардап шеккендердің ішінде зейнеткерлер көп. Маусым айының басындағы мәлімет бойынша, облыс бойынша кене шаққан 1700-ге жуық адам медициналық көмекке жүгінген, оның ішінде 520-сы 14 жасқа дейінгі балалар, - дейді ШҚО СЭБД басшысының орынбасары Сәуле Сләмғазина.

Сондай-ақ бүгінгі күні барлық эндемикалық аумақтар, атап айтқанда, Риддер және Өскемен қалалары мен Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Ұлан, Шемонаиха, Самар, Алтай аудандары толықтай залалсыздандырылған.  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу