Барлығы ашық, заңды түрде өтті – сайлау учаскесінің төрағасы
19 наурыз күні елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі маслихат дептаттарының кезектен тыс сайлауы өтті.
Облыс орталығында барлығы 122 сайлау учаскесі жұмыс істеген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сайлау комиссиясының мүшелері саяси науқанның қалай өткені жайлы пікір білдірді.
- Саяси науқанға қатысу белсенділігі орташа болды. Сайлаушылардың көпшілігі күннің бірінші жартысында келіп, өз таңдауларын жасап үлгерді. Дауыс беру барысында ешқандай ескертулер болған жоқ, барлығы ашық, заңды түрде өтті. Сайлау учаскесінде де ешқандай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ, - дейді №79 сайлау учаскесінің төрағасы Вадим Гадылгареев.
Сайлауда барлығы 12 035 578 қазақстандық дауыс берген.