KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

«Алтай» «Каспийден» жеңіліп қалды

12.08.2019, 14:40 187

Семейлік «Алтай» биылғы маусымда екінші рет жеңілістің кермек дәмін татты. Бірінші лига командалары арасындағы ел чемпионатының 16-шы турында өз алаңында Ақтаудың «Каспийімен» кездескен Сергей Тимофеев шәкірттері қарсыласынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Еске салайық, семейлік ұжым осыған дейін қатарынан үш ойында жеңіске жетіп, ол кездесулерде қарсылас қақпасына тоғыз доп соққан болатын.

Ал бұл жолғы матчтағы жалғыз доп кездесудің алғашқы минуттарында соғылды. Өкінішке қарай, бұл доп ақтаулық футболшылардың еншісіне жазылды. Матчтың бесінші минутында қонақтарға жеңіс әперген нәтижелі соққыны шабуылшы Айдос Тәттібаев жасады.

Қорытынды есеп 0:1.

Осы жеңісінен кейін турнир кестесінің екінші орнында келе жатқан «Каспий» көш бастап тұрған «Алтайға» бір табан жақындай түсті. Екі команда арасын қазір бар болғаны төрт ұпай бөліп тұр.

Биылғы маусымда осымен екінші рет сүрінген семейлік ұжым ел біріншілігі аясындағы келесі кездесуін 17 тамыз, сенбі күні Талдықорғанда жергілікті «Жетісу-Б» командасымен өткізеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив