KZ
Өскемен
-7°
туман жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Семейдегі доп додасы семейліктердің қатысуынсыз өтті

31.07.2019, 05:49 154

Семейде футболдан 2003 жылға дейін туған жастар арасындағы ел біріншілігі мәресіне жетті. Биылғы біріншілікке еліміздің облыстары мен қалаларынан келген жеті команда қатысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бір аптаға созылған доп додасының қорытындысы бойынша, бірінші орынға Алматы облысының командасы ие болды. Жүлделі екінші орынды Ақтөбе облысының құрамасы иеленсе, үздік үштікті қарағандылық жас аяқдопшылар түйіндеді.

Чемпионаттың бас төрешісі Станислав Лесивтің айтуынша, турнир соңынан «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» сияқты бірнеше аталым бойынша топ жарған ойыншыларға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар беріліпті. Салтанатты шараға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов те қатысқан-ды.

Бір қызығы, биылғы дода қазақ футболының отаны саналатын Семейде өтсе де, жарысқа аталмыш шаһардан да, жалпы Шығыс Қазақстан облысынан да бірде-бір команда қатыспапты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу