KZ
Өскемен
-8°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

«Торпедоға» «Барыстың» шабуылшысы келді

22.07.2019, 10:22 170

«Торпедоның» қатарын «Барыстан» ауысып келген шабуылшы Дмитрий Гренц толықтырды. Бұл жөнінде өскемендік клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Айта кетейік, 23 жастағы Гренц Өскемен хоккей мектебінің түлегі саналады. Шабуылшы соңғы үш маусымды елордалық «Барыс» сапында өткізген болатын. Дегенмен, Дмитрий астаналық командада ойдағыдай өнер көрсетті деп айтуға ауыз бармайды. Үш маусымда жерлесіміз 88 ойынға қатысып, онда бар болғаны сегіз (үш гол+бес пас) ұпай жинаған-ды. Бұл шамамен 11 матчта бір ұпай деген сөз.

Еске салайық, бұған дейін Алексей Ждахин жаттықтыратын өскемендік командадан былтырғы Жоғары хоккей лигасының тұрақты біріншілігінде ерекше көзге түскен үш ойыншының кеткенін хабарлаған болатынбыз. Олар: «Барысқа» аттанған Аркадий Шестаков, «Амурға» жол тартқан Максим Капитуров пен былтырғы команданың үздік мергені, «Северстальға» ауысқан Андрей Белозеров. Осы ретте былтырғы чемпионатта аталған шабуылшылардың әрқайсысы кемі 30 ұпайдан жинағанын айтқан да абзал болар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу