KZ
Өскемен
-8°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Жерлестеріміз Қосанов мемориалынан жүлделі оралды

10.07.2019, 09:30 240

Алматы қаласында жеңіл атлетикадан Ғұсман Қосанов атындағы халықаралық жарыс мәресіне жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Осымен 29-шы рет ұйымдастырылған байрақты бәсекеге әлемнің Грузия, Үндістан, Иран, Әзірбайжан сияқты бірқатар елінен келген 200-ге жуық спортшы қатысты. Олардың арасында Шығыс Қазақстан облысының 14 өкілі де болды.

Екі күнге созылған доданың қорытындысы бойынша жерлестеріміз қанжығаларына екі жүлде байлады. Атап айтсақ, Екатерина Ефремова 400 метрлік қашықтықты 1,03 минутта жүгіріп өтіп, қола жүлдеге қол жеткізсе, Елизавета Матвеева қыздар арасындағы биіктікке секіру сынында үздік нәтиже көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Елизаветаның көрсеткіші 1 метр 82 сантиметрге тең болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу