KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
443.35 475.54 4.82

Құмаш Нұрғалиев атындағы мектептің командасы екінші орын иеленді

29.11.2022, 17:13 1 102 Мадина Амангелдіқызы

Өскеменде мектеп оқушылары арасында волейболдан жарыс өтті.

Бұл жолғы ойын - мектеп аралық жолдастық кездесудің екінші кезеңі. Оған тоғызыншы, оныншы және он бірінші сыныптың оқушылары қатысты. Ал алғашқы турнирі қазан айының 7-сі мен 13-і аралығында өткен еді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Турнирдің екінші кезеңіне №43, №44, №36, №4, №11, №20 және №47 мектептің шәкірттері қатысты. Ойын өте тартысты өтті. Доп сайысында №43, №11, №11 мектептің оқушылары ерекше ойын өнерін көрсетті.
Жарыс нәтижесі бойынша 11 мектеп бірінші орынды жеңіп алды. Екінші  орынды Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп иеленді. Үшінші орынға оныншы мектептің ойыншылары тұрақтады. Жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды.
Сонымен қатар, "Үздік ойыншы" секілді жеке-жеке номинациялар бойынша жақсы ойын көрсеткен оқушыларға да мақтау граматалары табысталды. Жыл сайын тұрақты түрде өткізілетін жарыста оқушылар мен дене шынықтыру сабағының мұғалімдері алдағы уақытта да жолдастық кездесу өткізіп тұруға уәделесіп тарқасты.

 

Жанель Жанболатқызы 
Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив