Ольга Сафронова Азия чемпионатында екінші орын алды

60 метрге жүгіруді қазақстандық спортшы Ольга Сафронова 7,32 секундта аяқтап, жақсы нәтиже көрсетті.
Бірінші орынға секундтың оннан төрт бөлігі ғана жетпеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бірінші орын Ираннан келген жүгіруші Фарзанех Фасихиге, үшінші орынды Индонезиялық Валентин Ванесса Лонтенгке бұйырды.
Бұл Азия Чемпионатының бірінші күніндегі Қазақстан құрамасының қоржынындағы екінші медаль. Алғашқы алтынды 300 метрге жүгіруден шығысқазақстандық спортшы Каролин Чепкоеч Кипкируи иеленген болатын.
Біздің спортшылар бәсекеге қабілеттілігін ғана емес, жеңіске деген ерік-жігері мен жақсы дайындықтарын да көрсетіп отыр.