KZ
Өскемен
+13°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Өскеменде Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді

Фото: azattyq.org

19.01.2024, 12:04 203 Ләззат Қанатқызы

20 қаңтар күні, яғни ертең облыс орталығында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған жеңіл атлетикадан VI Халықаралық турнир өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, жерлес спортшымыздың жүлдесіне арналған бұл турнир 2015 жылдан бері Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша дәстүрлі түрде жалғасып келеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

ШҚО туризм және спорт басқармасының мәліметінше, аталмыш жарыста 8 елдің спортшылары бақ сынамақ. Атап айтқанда, Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Тәжікстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Армения және Грузиядан 85 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.

Ел намысын қорғайтын спортшылар арасында 2022 жылы Белградта өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2023 жылғы Жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері, 2023 жылғы Азия чемпионы, шығысқазақстандық спортшы Надежда Дубовицкая бар.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив