Өскеменде үстел теннисінен турнир өтеді

Фото: sports.kz
Өскемендегі үстел теннисі орталығында Қазақстан Республикасы ашық клубтық чемпионатының үшінші туры өтеді.
11-13 тамыз аралығында болатын спорт бәсекесіне Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және алыс-жақын шетел спортшылары қатысады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Чемпионатқа қатысатындар:
- Кирилл Герасименко - ҚР 5 дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы, әлемнің 26-шы Ракеткасы;
- Алан Курмангалиев - юниорлар арасында әлем чемпионы, Азия чемпионатының қола жүлдегері;
- Иван Никулин - Ресей чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, РФ Спартакиадасының қола жүлдегері;
- Александр Ханин - Еуропа чемпионатының жүлдегері, Беларусь Республиксының бірнеше дүркін чемпионы, сондай-ақ халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ұлттық құрама мүшесі.
Қала тұрғындары мен қала қонақтары клубтық чемпионаттың қызықты ойындарын тегін кіріп тамашалай алады. Үстел теннисі орталығының мекенжайы: Сәтбаев даңғылы, 82/8.