Найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін – ШҚО
Фото: yaplakal.com
10 шілде күні, яғни бүгін өңірде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.
Облыстың солтүстігі мен шығысында найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 метрге жетеді.
Сонымен қатар облыста әлі де өрт қаупі жоғары.
Облыс орталығында таңертең және түстен кейін найзағай болып, жел күшеюі мүмкін, дейді "Қазгидромет"РМК баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз