KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, З
481.63 534.46 5.28

ШҚО-ның екі қаласында ауа ластанады

Фото: massaget.kz

18.09.2023, 10:39 419 Ләззат Қанатқызы

Синоптиктер ШҚО-ның екі қаласында ауадағы ластаушы заттардың мөлшері артады деген болжам жасады.

Бүгін Өскемен және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ кезінде елді мекендердегі ауасының сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғал, ауа температурасы).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив