KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
450.79 482.21 5.05

Өскеменде 23 жастағы жігітті пышақтап кетті

20.07.2022, 15:13 250

Өскеменде екі жігіт төбелесіп, бірі екіншісіне пышақ сұғып алды. 
Маусым айының соңында полицияға Кіші айналма жолының бойында екі жігіттің төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түскен.
Төбелес кезінде бір жігіт екіншісінің ішіне пышақ сұғып алған.
Күдікті қамауға алынды, ол кінәсін мойындады.
Сараптама қорытындысы бойынша күдікті орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.ШҚО ДП баспасөз қызметі
Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл баптың санкциясы 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив