Зайсанда намаз оқитын жігіт бойжеткенді зорламақ болған
Намазға жығылып, дін жолында жүрген жігіт 25 жастағы бойжеткенді зорламақ болды. Оқиға 7 қараша күні Зайсан қаласында болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Adyrna.kz сайтына сілтеме жасап.
Сол күні сағат 08.15-те Зайсан аудандық полиция бөлімшесіне 25 жастағы С. есімді азаматша арызданды. Айтуынша, жуықта танысқан жігіт оны автомобильдің ішінде зорламақ болған. Жігіт намаз оқитын адам болғандықтан бойжеткен оған бас кезде сеніммен қарап, жамандық күтпеген көрінеді. Қыз көліктің терезесін шағып, құтылғанын айтады.
Тәртіп сақшылары оқиға орнынан ВАЗ-21114 көлігінің сынған әйнектерін, тоқылған ақ түсті бас киім, резеңке шашбау, ұялы телефонның қабы, сырғаның бір жақ сыңары және қан дақтарын тапқан екен.
Бұл қылмысқа күдікті 32 жастағы А. есімді қала тұрғыны ұсталып, уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Күдіктінің дәстүрлі емес салафизм деструктивті діни ағымының идеологиясын ұстанатыны анықталып отыр.
Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.