KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Семейде ет сатушысын тонап кетті

18.07.2019, 12:20 177

Семейде ет сатушысын 20 жастағы жігіт тонап кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

4 шілде күні Затон полиция бөліміне ет сатушысы шағым түсірген.  Жәбірленушінің айтуынша, әлдекім басынан темірмен ұрып, 2 млн ақшасын тонаған. Осы шағымнан кейін полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын бастады. Полицейлер ұрлық болған ауданның тұрғындарымен сөйлесіп, Мичурин, Қаржаубайұлы, Чехов, Аймауытов көшелеріндегі бұрын сотты болғандарды тергеді.

Жедел-іздеу жұмыстары барысында ұры қолға түсті. 20 жастағы жігіт осыған дейін де істі болған Бородулиха ауданының тұрғыны екен.

Жәбірленушімен бұрын бірге жұмыс істеген жігіт, оның қасында үнемі көп ақша жүретінін білген.

Аталған факті негізінде қылмыскердің үстінен ҚР ҚК-нің 192 бабының 3-ші бөлімі бойынша тергеу амалдары басталды. Әзірше күдікті уақытша қамау изоляторында отыр, – дейді Семей полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу