Өскеменде қысқы дөңгелектерді ұрлап жатыр
Өскеменде ұрылар қысқы дөңгелек ұрлауға көшіпті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Осындай оқиғалардың бірі шина құрастыру орындарының бірінде болған. 30 жастағы қала тұрғыны қысқы мерзімге дайындауға келген. Сол жерде қысқы дөңгелектерінің жоғалғанын анықтайды. Келтірілген зардаптың мөлшерін автокөлік иесі 100 мың теңгеге бағалап отыр.
Полиция қызметкерлері күдіктіні бірден анықтап, қамауға алды. Ол 26 жастағы жұмыссыз жүрген қала тұрғыны екен. Кінәсін толық мойындады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқи отырыңыз