KZ
Өскемен
-14°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да мал ұрлығы жиілеп кетті

13.11.2019, 06:02 204

ШҚО-да мал ұрлығы жиілей бастады, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Семейдегі Знаменка ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан қорадан бұзай ұрланды. Малдың иесі келтірілген зардапты 100 000 теңгеге бағалап отыр. Полиция қызметкерлері көп ұзамай ұрыны құрықтады. Ол 28 жастағы жергілікті жердің тұрғыны екен. Қазір күдіктінің осы аумақтағы мал ұрлау бойынша басқа да оқиғаларға қатысы тексеріліп жатыр.

Ұқсас оқиға Жарма ауданында да тіркелді. Мұнда түн жамылып келген ұры үйдің ауласынан бес бас ірі қара малын айдап әкетіпті. Тәртіп сақшылары 47 жастағы күдіктіні құрықтады. Ол – көрші ауылдың жұмыссыз жүрген тұрғыны екен. Кінәсін толық мойындап, малды иесіне қайтарып беріпті.

Екі оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері адамдарға малды қараусыз қалдырмауды ескертіп, қора-қопсы мен аулаларды бекітуге және күзет дабылын орнатуға кеңес береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу