Өскемендік тұрғыннан есірткі тәркіленді
Үйінде есірткі сақтаған облыс орталығының 42 жастағы тұрғыны ұсталды.
Ер адамның тұрғылықты жерін тінту кезінде полицейлер бір полиэтилен пакетін және өсімдік тектес заты бар екі полимер пакеті мен дәлізден параққа ұқсас оралған зат тауып алды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Сараптама қорытындысына сәйкес, күдікті үйінде 1,6 килограмм марихуана сақтағаны белгілі болды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы таңдалды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Осы факт бойынша ҚР ҚК 4-бөлігінің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, оны үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтеді.
Оқи отырыңыз