ШҚО тұрғыны танысынан 100 кг-дан астам түсті металл ұрлап кеткен
Шемонаиха аудандық полиция бөлімшесіне 54 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген.
Оның айтуынша, өткен жылдың қараша айында өінің танысы оны тонап кеткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ол үйдің ауласында орналасқан шаруашылық жайдан түсті металдарды ұрлап кеткен. Атап айтқанда, 50 кг мыс, 25 кг алюминий және шамамен 30 кг қола қолды болған. Жалпы шығын 275 000 теңгеге бағаланды.
Ұсталған адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ер адам үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.