Бесқарағай тұрғыны аяқ-киімінде есірткі сақтаған
Бесқарағай аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлеріне 43 жастағы ауыл тұрғынының есірткі заттарын сақтағаны туралы жедел ақпарат келіп түскен.
Алынған ақпаратты тексеру барысында аталған ер адам анықталып, оның гаражын жедел тінту кезінде жазғы аяқ–кімінің ішіне жасырған өсімдік тектес, қоңыр-жасыл түсті, ерекше иісі бар қағаз орамасы табылды. Ол дереу тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.
Сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 0,20 грамм "кептірілген марихуана" есірткі құралы болып табылды.
"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296 - бабы 2-бөлігі бойынша есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды". – деп хабарлайды ШҚО ПД бастығы полиция полковнигі Сағат Мадиев.
Осы баптың санкциясы қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді.