KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

ШҚО-дағы түзету мекемелеріне қосымша камералар орнатылады

Фото: massaget.kz

14.06.2023, 22:23 172 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да адамдардың азапталғаны расталған түзету мекемелеріне қосымша камералар орнатылмақ.

Қазіргі күні өңірдегі 6 түзету мекемесінде 2 798 адам жазасын өтеп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мамыр айының басында аталған түзету мекемелерінің бірінде адамдардың азапталғаны расталған. ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі қазір олар ерекше бақылауда екенін айтады.

  "Сотталған адамдарға қатысты заңсыз іс-әрекеттерге, азаптауларға және өзге де қатыгездіктерге жол бермеу үшін прокуратура қызметкерлері мекемелерді аралап, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіштерден алынған жазбаларды тұрақты түрде қарап тексеруде, сотталғандарды жеке қабылдап жатыр. Бүгінде аймақтағы түзету мекемелерінің аумағын түгел шолып қарау мақсатында сотталғандар көп жиналатын орындарда 1 044 бейнебақылау камерасы орнатылған", делінген ақпаратта.

Бұдан бөлек, осы жылдың соңына дейін «көрінбейтін аймақтарды» қарау мақсатында қосымша бейнекамералар орнату жоспарланып отырған көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив