KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Студенттерге стипендия туралы маңызды ақпарат берілді

Фото: uralskweek.kz

Бүгін, 16:30 10 Айжанат Бақытқызы

«Қаржы орталығы» АҚ бүгін, 2024 жылдың 23 қыркүйегінде қазақстандық студенттерге арналған шәкіртақыға қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Қаржы орталығы» АҚ 2024-2025 оқу жылының 1 семестрінің 1 курсында білім алушыларға ағымдағы жылдың қыркүйек айының мемлекеттік стипендиясын төлеу 2008 жылғы 7 ақпандағы №116 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген Қағидаларға сәйкес 30 қыркүйектегі жағдай бойынша ЖЖОКБҰ есептерін тексергеннен кейін қазан айының ішінде жүзеге асырылатынын хабарлайды.

Сондай-ақ, жаңадан түскен Медициналық жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттеріне қыркүйек айының стипендиясы қазан айында екі айға (қыркүйек-қазан) қосылып төленбек. Төлемдер айдың аяғында (қазанда) жүргізілетін болады.

Ауыспалы курс студенттерінің контингентіне (барлық басқа студенттерге) қыркүйек айының мемлекеттік стипендиясын төлеу ЖЖОКБҰ ұсынған есептерге сәйкес жүзеге асырылады, яғни стипендия қыркүйек айының соңына дейін түседі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив