KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Шемонаиха ауданының тұрғындары АЭС құрылысы мен референдумды талқылады

23.09.2024, 14:30 152 Айжанат Бақытқызы

Камышинка ауылында тұрғындардың Шемонаиха ауданы халықтық штабының төрағасы Мұрат Желдібаев және «AMANAT» партиясының ардагері Владимир Акуловпен кездесуі өтті. Талқылаудың басты тақырыбы - Қазақстанда атом электр станциясын салу және осы мәселе бойынша өтетін алдағы референдум жайында болды,  деп хабарлайды Altainews.kz. тілшісі.

Владимир Акулов жобаның елдің энергетикалық тәуелсіздігі үшін маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның энергетика саласындағы тәуелсіздігін нығайтады, бұл елге сыртқы ойыншыларға тәуелді болмай, өз ресурстарын дұрыс басқаруға мүмкіндік береді.

«Бұл жоба еліміз үшін Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтатын, сенімді және тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететін стратегиялық маңызға ие  және оған өзінің энергетикалық ресурстарын дербес басқаруға мүмкіндік береді»,– деді Владимир Акулов.

Мұрат Желдібаев атом электр станциясының жобасы жоғары халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай келетінін айтты. Ол үшін Қазақстан тексерілген халықаралық әріптестермен ынтымақтасуды және озық технологияларды пайдалануды жоспарлап отыр. Ол сондай-ақ, әрбір азаматтың алдағы референдумға қатысуының маңыздылығын атап өтті, өйткені елдің болашағы осы шешімге байланысты болмақ.


                                                                                                                                                        Айна Ескенқызы

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу