KZ
Өскемен
+25°
ясно жел 7 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Қазақстандық өнертапқыш студенттер көліктің жаңа моделін жасады

Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Бүгін, 12:30 0 Айжанат Бақытқызы

SDU студенттері екінші көліктің жобасымен айналысып, жақында «N1 Racing SDU» командасы жаңа өнертабысын көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өткен жылы SDU студенттері Орта Азия елдерінен алғашқылардың бірі болып халықаралық инженерлік «Формула Студент» жобасына қатысқан болатын. Университет негізінде жасалған алғашқы электромобиль грант ұтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев студенттердің бұл өнертабысын жоғары бағалаған еді.

Алғашқы көлік электромоторға негізделсе, жаңа автомобиль бензинді мотормен жұмыс істейді.

Көлікті жасауға жалпы 9 ай уақыт жұмсалды: 6 ай жоба әзірленіп, соңғы 3 айда құрастырылды. «Кабирхан» деп аталған жаңа көлік алдыңғысына қарағанда қуаты жоғары, технологиясы күрделірек және қауіпсіздігі жақсартылған. Автокөлік сағатына 80 шақырым жылдамдыққа жете алады және апаттық жағдайларда моторды өшіру мүмкіндігімен жабдықталған.

Студенттер инженерлік 3D модельдеу үлгісін 100% дәлдікпен жүзеге асырды. Осылайша, жас инженерлер аз қаражатпен толыққанды тағы бір көлік құрастыруды іске асырды. Италияда өтетін көлік сайысына шақырту алған студенттер бұл жарысқа дейін көлікке қосымша электромотор орнатуды жоспарлап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив