KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Жедел реанимация ажалдан алып қалды

Фото: ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы

Бүгін, 15:30 2 Айжанат Бақытқызы

Өскемен қаласында жедел медициналық жәрдем бригадасы клиникалық қайтыс болған науқасты ажалдың тырнағынан жұлып алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында хабарлағандай, елу жастағы ер адам одан кейін облыстық ауруханаға жеткізілгенде, дәрігерлер науқастың миына көп мөлшерде қан кеткенін  анықтаған.

Облыстық жедел медициналық көмек станциясында  науқастың дүкенде құлап қалғанын айтты. Сатушылардың сөзіне қарағанда,  ол кенеттен оқыс дауыс шығарып,  құлап түскен. Қол-аяғы, денесі құрысып, демалысы тоқтап қалған. Шақырылғаннан кейін тоғыз минутта жеткен жедел жәрдем бригадасының дәрігерлері  клиникалық өлім диагнозын қойды. Алайда дереу жүргізілген реанимациялық шаралардың нәтижесінде ер адамның жүрегі қайта соға бастайды. Өте ауыр жағдайда облыстық ауруханаға жеткізілген науқастың өмірі үшін  күресті енді аурухана реаниматологтары жалғастырды.  

"Бұл жағдайдың себебі ми қабықтары арасындағы қан кету екені анықталды. Реанимация бөлімінде дәрігерлер ер адамның өмірін сақтау үшін мүмкін болған нәрсенің бәрін дереу жасады. Ол бір тәулікке жуық ес-түссіз жатты, өздігінен дем ала алмады, өкпесі жасанды желдеткіш аппаратына қосылды. Бірақ білікті мамандардың  күш-жігерінің нәтижесінде сырқаттың беті бері қарады. Науқас есін жиып, өздігінен дем ала бастады. Сұрақтарға жауап бере бастады. Екі күннен кейін оның жағдайы жақсарып,  неврология бөлімшесіне ауыстырылды", - деп түсіндірді облыстық ауруханада.

Олар сондай-ақ жедел жәрдем бригадасының фельдшерлерінің кәсібиліктері мен  жұмысындағы үйлесімділікті атап өтті. 
-Бұл дәрігерлердің қолымен жасалған тағы бір кереметтің мысалы. Дәрігерлердің өздері мұны бір  керемет деп санамайды, оны өздерінің күнделікті қарапайым жұмысы деп біледі, — деді медициналық ұйымның мамандары.

Жедел жәрдем бригадасының құрамында фельдшерлер Юрий Куимов, Игорь Верченков, жүргізуші Болат Досқалиев болды. 
Айта кетейік, бұл  облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының дәрігерлері мен фельдшерлерінің көрсеткен алғашқы реанимациялық көмегі емес,  олар бұрыннан көрсетіп келеді. 


                                                                                                                                                          Айна Ескенқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив