KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
480.63 535.13 5.27

ШҚО-да ұрлықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

14.09.2023, 10:21 158 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да кәсіпорындарының біріне 500 миллион теңгеден астам шығын келтірген қылмыстық топ ұсталды.

Қылмыстық топ 2 жылдан астам уақыт облыс кәсіпорындарының бірінің тауарлық-материалдық құндылықтарын ұрлаумен айналысқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлері 20-дан астам тінту іс-шараларын жүргізіп, оның барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қажетті сот сараптамалары тағайындалды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Негізгі күдіктілер, яғни қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен белсенді қатысушылары соттың санкциясымен қамауға алынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив