KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 2 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Өскеменде қар арасынан бір келі героин табылды

26.02.2012, 18:00 252


Шығыс Қазақстан облысы Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топтың қызметін әшкерелерді, тінту барысында бір келіден астам героин тәркіленді. Бұл туралы ШҚО ІІД хабарлады.

«ШҚО ІІД қызметкерлері «Бүркіт» арнайы жасағының, жол полициясы жеке батальонының, көші-қон полициясы басқармасының, сондай-ақ кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлерімен бірлесе отырып шұғыл-іздестіру шараларын өткізу барысында «Допинг» операциясы шеңберінде екі жас жүігіттен құралған есірткі саудасымен айналысатын топты құрықтады», - деп әңгімеледі ШҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілі Мерей Мұздыбаев.

Жеке тінту барысында екеуінің қалтасынан 10 грамм көлемінде героин табылып, тәркіленді. Жас жігіттердің бірінің пәтерін тексеру барысында кіреберіс бөлмеден тағы 40 грамм героин табылды.

«Негізгі тосынсый полиция қызметкерлерін күдіктілердің бірінің үйін және айналасын тексеру барысында күтіп тұрған болатын. Қар арасынан құрылыс қалдықтары салынған қаптардың астынан ішінде 1 келіден астам героин болған пакет табылды», - деп хабарлады М.Мұздыбаев.

Мәлiметтiң көзi: BNews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив