ШҚО-да 54 жылқыны айдап әкеткен күдікті ұсталды
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
ШҚО-да құны 43 миллион болатын 54 бас жылқыны өрістен айдап әкеткен күдікті құрықталды.
Ұлан ауданының полиция бөлімшесіне шаруа қожалығының иесі жүгініп, еркін жайылымдағы таңбаланған бір табын жылқысын жоғалып кеткеніне арызданған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сондай-ақ қожалық иесі жылқылардың ішінде бір биенің мойнында JPS трекері бар екенін айтқан. Бірақ тексерген кезде құрылғының ажыратылғаны анықталды.
Хабарды алысымен тәртіп сақшылары бірден іздеу жұмыстарына кірісіп кетті. Аумақты тексеру үшін тікұшақ пен дрон да жұмылдырылған.
Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде GPS трекері бар биенің басынан атып өлтірілгені анықталды.
Қазіргі уақытта сот сараптамалары тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде.