Құрбыларының атынан несие рәсімдеген қыз ұсталды – ШҚО
Фото: newswatchtv.com
Қыз бала құрбыларының атынан 9 миллион теңге несие рәсімдеген.
Өскемен қалалық Үлбі полиция бөліміне қаланың 23 жастағы тұрғыны жүгінген. Оның айтуынша, құрбысы оның атынан , 3 200 000 теңгеден астам сомаға онлайн несиелер ресімдеген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ол өзіне банктен қоңырау шалған кезде ғана несие рәсімделгенін біліпті.
- Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 22 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында ұсталған азаматшаның осыған ұқсас алаяқтықтың тағы екі ісіне қатысы бар екені анықталды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Яғни тағы екі азаматты бір және бес миллион теңгеге алдап кетіпті.
Күдікті қоңырау шалу үшін телефонын сұрап, банктің қосымшасын пайдаланып, несие рәсімдеген.
- Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық"бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - делінген ведмоство хабарламасында.
Оқи отырыңыз