ШҚО-да полиция қызметкерін қорлаған тұрғын қамауға алынуы мүмкін
Фото: elitar.kz
ШҚО-да ірі қара мал етін заңсыз тасымалдап ұсталған ер адам полиция қызметкеріне тіл тигізген.
Тәртіп сақшылары "Браконьер" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында тұрғындардың бірінің көлігін тоқтатқан. Тексеру барысында оның ірі қара мал етін заңсыз тасымалдағаны анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Заттай дәлелдемелерді тексеру кезінде ол агрессивті мінез-құлық танытып, полиция қызметкерін қорлай бастаған.
- Қызмет бабында билік өкіліне тіл тигізгені үшін 41 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК 378-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. Баптың санкциясы 80 АЕК айыппұл салуды, қоғамдық жұмысқа тартуды немесе 20 тәулікке дейін қамауға алуды көздейді, - деп атап өтті ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз