KZ
Өскемен
+3°
небольшой снег жел 9 м/с, ОБ
509.94 593.88 6.43

ШҚО-да елік атқан браконьер ұсталды

10.11.2023, 10:08 329 Ләззат Қанатқызы

Самар ауданында "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында заңсыз елік атқан тұрғын қолға түсті.

Ауылдың шығаберісін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері "Ниссан" маркалы автокөлігін тоқтатқан, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

49 жастағы азаматтың көлігін тексеру кезінде тәртіп сақшылары жабайы жануардың, болжам бойынша еліктің тушасын байқаған. Табиғатқа келтірілген залал 1 миллион теңгеден асты.

- Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жалғасуда, тиісті сараптамалар тағайындалды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу