KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Учаскелік полиция халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады - Өскемен

4.11.2021, 10:59 138

27 қазан күні «Учаске» жедел-алдын алу шарасын өткізу кезінде пәтерді аралау барысында полиция қызметкерлері полиция аға лейтенанты Еркебұлан Ордабаев пен полиция аға лейтенанты Айбек Сиязбековке облыс орталығының 50 жастағы тұрғыны көмек сұраған. Сөйтсе, оның танысы ішімдік ішіп алып, үйінде оған дене жарақатын салып, белгісіз бағытта кетіп қалған.

«Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары дереу тексеру жүргізіп, нәтижесінде аталған ер адамның 2021 жылдың маусым айынан бастап есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін халықаралық іздеуде болғаны анықталды» - деп атап өтті Өскемен қаласының полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Орал Рыспаев.

Қабылданған шаралармен аталған қылмыскер ұсталып, ол 1981 жылы туған азамат болып шыққан, қазіргі уақытта оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚР ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясы 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив