KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

«СТО» қызметкері клиенттің көлігін айдап кеткен

9.09.2021, 11:56 160

Өскемен қаласы Полиция бөліміне  «102» жедел арнасына 23 жастағы қала тұрғыны жүгініп, 2021 жылдың 6 тамызында белгісіз тұлға техникалық қызмет көрсету орталығындағы «Mercedes» автокөлігін иемденгені туралы хабарлаған. Келтірілген залал 1 200 000 теңгені құрады.

Хабарлама түскеннен кейін патрульдік полиция инспекторлары «қармау» жоспарын жариялап, қаскөй Шемонаиха қаласында ұсталды.

Тексеру барысында жәбірленуші көлігін ТҚКС-ға жөндеуге қалдырып, қайтып келгенннен кейін көлігінің жоқ екенін анықталған.

-  Ұрлықты жасаған осыған дейін жүргізу құқығынан айырылған, көлік жөндеу орнының 30 жастағы қызметкері екені анықталды. Қаскөйді ұстау барысында ол мас күйінде болған. Күдікті кінәсін мойындады. Автокөлік Шемонаиха қаласы мамандандырылған тұраққа қойылды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі, 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу