KZ
Өскемен
+23°
небольшая облачность жел 5 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Самар ауылында «QUIZ PLEASE» ойыны өтті

24.02.2023, 20:30 485 Ләззат Қанатқызы

Самар ауданындағы №1орта мектебінде мұғалімдер мен оқушылар арасында «QUIZ PLEASE» интеллектуалды ойыны өтті. Сананы серпілтер сайысқа төрт команда қатысты.

Аталған ойын аудан көлемінде ауқымды түрде өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Осыған дейін ересектер арасында өтсе, енді білім ошақтарында жалғасын тапты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ойынның сұрақтары да ерекше. Әсіресе, лигикалық сұрақтар басым көрінеді.

- Ойын өте тартысты өтті. Негізі 7 тұрдан тұрады. Әр кезең түрлі бағыттағы сұрақтармен ерекшеленді. Оның ішінде лигикалық, кино және тарихи деректер бойынша сұрақтар бар. Осы апта бізде «Ағылшын тілі» апталығы болғандықтан кейбір сұрақтар ағылшын тілінде болды. Жарыс алдағы уақытта жалғасын табатын болады, - дейді ұйымдастырушалардың бірі Айнұр Еркінова.

Ойынның қортындысы бойынша, бірінші орынды 11А сынып оқушылары, екінші орынды мұғалімдер, үшінші орынды 10А сынып оқушылары иеленді.

Айта кетейік, жуықта Бастаушы ауылындағы Абай атындағы орта мектептеде «QUIZ» ойыны өтті. Оған 8-11 сынып оқушылары қатысты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив